Алматы қалалық сотында С. Нүкеноваға қатысты ақпарат таратқан А.Бударовқа қатысты азаматтық іс алқалық тәртіпте қайта қаралды. Бұған дейін сот А.Бударов тарапынан Instagram парақшасында таратылған С. Нукеноваға қатысты мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін, ар-намысын, қадір-қасиетін қорлайтындығын мойындап, жауапкерге оларды өзінің жеке парақшасында жариялы түрде жоққа шығару міндетін жүктеген.