Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған көлікке соғылды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан патруль көлігінің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған машинаны арт жағынан соққаны көруге болады. Кейін оның ішінен баласын көтерген әйел шықты. Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 27 маусым күні Алматы-Жандосов тас жолының 25 шақырымында болған.