Кәсіпкер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапарынан алған әсерін бөлісті. Оның айтуынша, 20 млн қазақстандықтың 12,5 миллионы ай сайын Telegram пайдаланады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. «Біз қазақ халқының негізгі коммуникациялық алаңы бола алғанымызды мақтан етеміз және оның жылдам экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деген үміттеміз» дейді бизнесмен.