Полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Павлодардағы «Гоголь» түнгі клубының жанында кісі өлімі болды. Таң алдында көңіл көтеру орнынан шыққан жастар төбелесіп, салдарынан 25 жастағы жігіт көз жұмды.