Әлеуметтік желіде футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау орталығына орналастырған.Облыс орталығында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған азамат ұсталды. Ол Павлодар қаласында футбол бапкері болып қызмет еткен. Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.