Павлодарда дүниеге сәби әкелген 12 жасар оқушы қыз сабағын жалғастырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты. «Бұл жайт бала құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында тұр. Оқушы қыз сабағын жалғастыратыны сөзсіз. Психологиялық және педагогикалық та көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалған», - деді Насымжан Оспанова.