Жас жігіт өзінен кіші әрі 16 жасқа толмаған қызды төсек қатынасына тартқаны үшін айып арқалады. Әрі ол қылмыс жасау кезінде өзі де 18-ге толмағаны анықталды. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.