Жантүршігерлік жол-көлік апаты Павлодар-Ақсу автожолында болған. Ауыр жарақат алған екі жасөспірім де қайтыс болды. Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов хабарлағандай, Павлодар-Ақсу автожолында 15 жасар екі жасөспірім мінген скутер Камазға соғылған.