Петропавлда әйел өзінің қызын жақтап, аулада жүрген 10 жасар қыздың шашынан жұлды. Қазір болған оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға 10 тамыз күні Петропавлдағы Ухабов, 2 көшесіндегі аулада болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан әйелдің жасөспірім қызға келіп, қоқан-лоққы көрсетіп, шашынан жұлғанын көруге болады.