Президенттің IT саласын дамыту жөніндегі жолдауы орындалды ма? Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында декларативті емес, жеке бастамаларды қолдаудың тиімді шаралары қажет екенін айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елдің тұрақты экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы ретінде инновациялық IT-инфрақұрылымын дамытуды атап өтті. Оның тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға қарай Қазақстан 1 миллиард долларға дейінгі қызметтер экспорты бойынша IT көшбасшысына айналуы тиіс.