Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшінің өз-өзін атып өлтіргенін растады. «Осы жылдың 14 қазанында Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпаратқа қарағанда сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған», - делінген ресми ақпаратта. Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.