Биылғы 6 қазан Қазақстан үшін елеулі дата болғалы тұр. Қоғамда кейінгі бір жылда үздіксіз талқыға түсіп келген атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өтпек. Оның құрылысына, келешек салдарына байланысты көзқарас жетерлік. Енді соңғы шешімді қабылдау халық еншісінде.