Республика күніне орай Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және ЖҚ «Жастар конвенті» әлеуметтік желілерде «Фотокамерадан қала тұрғындарының өмірінен үздік көрініс» байқауын жариялады. Бұл байқау арқылы елорда тұрғындары арасында қоғамдық сананың деңгейін арттыру, мәдени кодымызды нығайту және шығармашылық әлеуетті дамыту көзделеді. Қатысушылар өздерінің күнделікті өмірінен, ерекше сәттерінен, тұрғындардың мәдениеті мен дәстүрінен туындаған фотосуреттерді ұсынып, елорда өмірінің әрқилы көріністерін көрсету мүмкіндігіне ие болмақ.