Павлодарда Қазақ КСР халық артисі, дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналған І республикалық жас домбырашылар конкурсы басталды. Күйшілер бәсекесіне еліміздің 12 өңірінен 32 домбырашы қатысып жатыр. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония басшысының шығармашылық жөніндегі орынбасары Сәуле Мұқаеваның айтуынша, домбырашылар додасында Астана, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қарағанды қалалары мен бірге Абай облысынан 32 өнерпаз бақтарын сынауда.