2024 жылдың 3 сәуірінде, Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысында Қуандық Бишімбаев 9 қараша күні Bau мейрамханасында болған оқиға туралы баяндады. Оның айтуынша, Бишімбаевтың Нүкеноваға қол көтеретін ойы да болмаған. Марқұм өзінен-өзі әжетханаға қамалып алып, өзін соғып, себепсіз айғай салған.