Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 19 жастағы әскери қызметшіге оқ тиіп, ауруханаға түсті. Оқиға 2 қыркүйек күні болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқ тиіп жараланған әскери қызметкер — Темірбек Мыңжасаров. 19 жастағы кіші сержант Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімде жұмыс істеген.