Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертация жазғанда жасанды интеллект қолдану ережесін түсіндіріп берді. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу тақырыбында біз қазір жоғары білім саласында өзіміздің заңнамалық ережелерімізді өзгертіп келе жатырмыз. Мысалы, енді диссертация жазғанда, магистрлік, докторлық немесе студенттік жұмыстарды жазғанда, жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат береміз. Тек бір шартпен – міндетті түрде «Бұл мәтін ЖИ көмегімен жасалған» деп көрсету керек. Сонда бағалаушы оқытушы студенттің ЖИ-ді қалай қолданғанын қарайды», - деді Ғылым министрі елордада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты Тамыз саммитінде.