Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Енді еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі.