«Семей орманы» резерватында былтыр шыққан алапат өрттен 14 адам көз жұмған еді. Кейін жалынның тағы да бір адамның өмірін жалмағаны белгілі болды. Марқұмдардың құрметіне Абай облысы Бородулиха ауданында ескерткіш ашылып отыр. Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығының маңы мен республикалық күре жолдың бойында орналасқан. Батылдық пен адалдықтың символына айналып, табиғатты қорғаймын деп мерт болған өрт сөндірушілер мен орманшыларды құрметтеу мақсатында қойылған композицияның авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев.