Сенаттың жалпы отырысында «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. «Осы Келісім мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Құжат аясында «жеңілдетілген кеден дәлізі» және «сауда операторлары» сияқты ұғымдар енгізіледі», - деді сенатор Бекбол Орынбасаров.