Қазақстан азаматтары үшін импортпен келетін автомобильдің бағасы тым жоғары. Оған кедендік алымдар, кәдеге жарату төлемдері (утильалым) және алғашқы тіркеу төлемдері себеп болған. Бұл тұрғыда Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздің автопаркін жаңартудағы проблемаларды жария етті.