Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің мәйіті табылды. Әскери өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 13 қазанда болған. Келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесін өзі тұрып жатқан пәтерден тапқан. Ол белдікке буынып қалған.