ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шаньдун провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзимен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Шаньдун провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады.