Маңғыстауда құрастырылған әскери кеме көпшілікке таныстырылды. Енді теңіз шекарасын күзетуге арналған «Шапшаң» әскери десант катері Каспий теңізінде арнайы операция жүргізеді. Республика күні қарсаңында шығарылған су жаңа техника теңіз әскерлерінің әлеуетін арттыруға сеп болмақ. Оны шығарған серіктестік маманданының мәліметінше, әскери кеме қорғаныс саласында ғана емес, төтенше жағдайда да көмекке келеді.