Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Алматы облысының бірнеше жоғары лауазымды полиция қызметкері отставкаға кетті. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен осы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды.