Талғарлық 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды. «17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен,.