16 жастағы жігіттің өлімімен аяқталған Талғардағы төбелеске қатысты тағы үш күдікті ұсталды. Осылайша қазір аталмыш қылмыспен қамауға алынғандар 10 адам болды. Бүгін құзырлы органдар сол күнгі дүкендегі бейнежазбаны тілшілерге көрсетіп, ақысы төленбеген сырадан жанжал шықты дегенді теріске шығарып отыр. Сатып алушы мен марқұм Шерзаттың арасында кикілжің неден туындағанын сотта естуіміз мүмкін. Өйткені прокурор соттың ашық өтуін талап ететінін айтты. Ал оқиға орнында қыздар не істеп жүрген және»Хуторлық Хасан» дегеннің іске қандай қатысы бар? Жұрт көкейінде жүрген сан-сауалға полиция арнайы брифингте жауап берді.