Шетелдік университеттермен ынтымақтастық аясында Стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңес құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық әріптестік орнату бағытында белсенді шаралар қолға алынғаны белгілі. Бүгінде еліміздің түрлі аймақтарында шетелдік 23 оқу орны жұмысын бастап кетті. Олардың басшыларымен кездесуде вице-премьер Қазақстан тарапының әріптестік байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.