Шығыс Қазақстан облысында қазан айында «Шығыс салбұрыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді. 10-14 қазан күндері Ұлан ауданы Бозанбай ауылының маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында дәстүрлі «Шығыс салбұрыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді. Фестивальге республиканың әр түкпірінен және шет елдерден, атап айтқанда Моңғолиядан, Венгриядан, Ресейден, Испаниядан, Қытайдан 130-дан астам адам қатысады. Негізгі іс-шаралар 11-12 қазанға жоспарланған. Келетін қонақтардың жалпы саны – 4000-5000 аралығында.