Жазатайым оқиға 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған. «Шахтадан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі кәсіпорынның, екеуі мердігер ұйымның жұмысшылары болған. Алдын ала дерек бойынша жұмысшылар газдан уланып қалған», - деп деді KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметінен.