Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінде жалақыларын ала алмай келген 220 жұмысшының құқығы қорғалды. Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне жалақы төленбей келе жатқандығын анықтаған. Компанияның жұмысшыларға берешегі - 50 млн теңгеден асып кеткен. Марқакөл ауданының прокуратурасы «Теректі» коммуналдық кәсіпорнында 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады.