Шығыс Қазақстан облысында биыл пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде биыл 2526 адамға пневмония диагнозы қойылған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 787, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 86, ересектер – 1653.