Шымкенттегі «KMG Supple Company» ЖШС аумағында болған өрттен кейін тұрғындар жағымсыз иістің шыққаныны айтып шағымданды. Тұрғындардың тыныс алуы қиындап, бастары аурғаны туралы жергілікті ақпарат құралдары жазды. «Қорқынышты, 11-шағын ауданнан жағымсыз иіс шыға бастады, дем алу мүмкін емес», - дейді шымкенттіктер. Олар Төтенше жағдайлар департаментінің апатты жағдайға байланысты алдын ала ескерту жасамағынына наразы.