Шымкентте аудан әкімі аппаратының бұрынғы басшысы 700 миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталды. Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық соты М.-ға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып ысырап ету және К. мен Б.-ға аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін топ адаммен ұрлау, аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.