Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам пойыз астында қалып мерт болды. Оқиға 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған. «Шұғыл шақырылым» тілшісінің хабарлауынша, жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ер кісі оқиға орнында көз жұмған.