Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған. Марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олар әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.