Беларусь президенті Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Саммит аясында Александр Лукашенко шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Алдағы саммитте Беларусь үшін басты мәселе – елді ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау рәсімін аяқтау. Александр Лукашенко саммитте сөйлейтін сөзінде ұйым жұмысындағы ең маңызды салаларға және Беларусьтің ортақ мәселелерді шешуге қосқан үлесіне тоқталады деп жоспарлануда.