Солтүстік Қазақстан облысында инфляция жылдық есептеумен алғанда 8,9% жетті. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 6,4%, ақылы қызметтер 15,3% қымбаттаған. СҚО Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепке өткен жылдың маусымынан биылғы маусымға дейінге аралық алынған. Бір жыл ішінде жемістер бағасы 22,4%, кондитер өнімдері – 13,4%, тұздалмаған сары май – 12%, балық және теңіз өнімдері – 10%, сиыр және шошқа еті 5% өскен.