Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишимское елді мекеніне су кіріп, кей жерлерде биіктігі 2 метрге дейін жетті. Үйлерін су басқан тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Руслан Аңбаевтың айтуынша, аудан бойынша жалпы 9 үйге су кірді. Оның 8-і — аудан орталығы Новоишимское елді мекенінде, біреуі — Дружба ауылында.