Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары арақ-шараптан толығымен бас тартты. Соңғы екі жылдан бері елді мекенде бірде-бір ауыр немесе ұрлық, отбасылық жанжалдар тіркелмеген. Зарина Аюпова Дайындық ауылына 5 жыл бұрын отбасымен көшіп келген. «Бұл ауылда арақ мүлдем ішпейді, бос жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істейді, дүкенде алкоголь сатпайды, барлығы өз шаруасымен айналысады. Біздің ауыл тыныш», — дейді ауыл тұрғыны.