«Азат Перуашев орынбасарының жемқорлығын жасырып қалмақ». Мәжіліс мандатынан айырылған Асқар Садықов бүгін экс-басшысына осындай жауап қайтарды. Күні кеше ғана Перуашев оның парламенттен қалай кетіп, партиядан не үшін қуылғанын түсіндірген болатын. Партия төрағасының таратқан мәлімдемесі бұрынғы "ақжолдық" мәжілісменнің көңілінен шықпаған. «Лас ойындарға араластырмаңыз» деген Садықов үлкен жемқорлық дерегін бұрынғы басшыларымен байланыстырып отыр.