Energyprom.kz сайты ұсынған мәліметке сүйенсек, елімізде стоматологиялық қызметтің бағасы қымбаттаған. Биылғы бірінші жартыжылдықта стоматологиялық қызмет көрсету көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға өсіп, 48,8 млрд теңгені құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 33,8 млрд теңге болатын.