Ақтөбенің Жарық ауылында 17 отбасы жаңа үйге көшті. Тасқын кезінде мұнда 24 үйге су кіріп, бүлінді. Қобда ауданының Жарық ауылында 83 үй бар. Тасқын кезінде 24 үйге су кірді. 5 отбасы Қобда ауданына көшіп, сол жақта үй салынды. Ал 17-сі ауылда қалып, осында құрылыс жүрді. Өзгесіне жөндеу жасалды.