Субұрқаққа сіңген миллиард. Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына қатысты істің мән-жайын айтты. Болат Мажағұлов бюджеттің миллиард теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталыпты. Қылмыстық істе Есіл өзенінде «Күн» субұрқағын тұрғызған мердігер компания өкілдері де бар.