Елімізде мектеп мұғалімдерінің сынып жетекшілік қызметі үшін берілетін үстемеақыны 30 пайызға біртіндеп арттыру жоспарланып отыр. Бұл жаңалық Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. Үстемеақы елдегі 220 мың мұғалімді қолдауға бағытталмақ.