Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады. «Құрметті қазақстандықтар. Мен - Александр Ким, бұрынғы жұбайым Салтанат екеуміз түсіп қалған видеоға байланысты үндеу жазып отырмын. Ең алдымен, Салтанаттың ата-анасы мен туғандарынан кешірім сұраймын. Менің бұл әрекетім ақтауға жатпайды. Қандай жағдай болмасын, Салтанатқа қол көтермеуім керек еді», - деп бастады сөзін ол.