Жетісу облысында 6 жасар бүлдіршінге азғындық іс-әрекет жасамақ болған ер адам іздестіріліп жатыр. Оның көпқабатты үйдің кіреберісінде кішкентай қыздың шалбарын шешпек болғанын және ауладағы басқа да қыздардың белі мен бөксесін ұстағанын сол маңдағы тұрғындар айтуда. Оқиға 22 қыркүйек күні Талдықорған қаласында болған. Тұрғындардың айтуынша 9-шағынаудандағы 21-үйдің кіреберісінде белгісіз еркек 6 жасар бүлдіршіннің шалбарын шешуге әрекет жасаған.