Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков қызметінен босатылды. Оның орынбасары Матан Сағындық пен аппарат басшысы Аслан Қасымбаев та жұмысынан айырылған. Талғар әкімдігінің сайтында шыққан бұйрықта шенеуніктер өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен қуылды делінген.