Алматы облысының полиция басқармасы Талғардағы жас жігіт қаза болған күні оқиға болған жердегі бейнебақылау камераларындағы жазбалар өшірілген деген ақпараттың таралуына ресми жауап берді. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басқарма сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін мәлімдеді.