Қазан айының басында Талғарда қазақстандықтарды дүр сілкіндірген қайғылы жағдай болды. 16 жастағы Шерзат Болаттың кісі қолынан қаза табуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бірнеше күннен кейін көрші Азат ауылында марқұмның отбасы тұратын үйде өрт шықты. Осының бәрі тұрғындардың бойына қорқыныш ұялатты. Ол туралы олар әлеуметтік желілер арқылы жеткізді. Талғарға Kazinform агенттігінің фототілшісі барып, жергілікті тұрғындармен тілдесіп, шаһардағы қазіргі жағдайды біліп қайтты.